Интернетте исламды насихаттағаның үшін абақтыға жабатын елдер бар
Интернетте исламды насихаттағаның үшін абақтыға жабатын елдер бар
7 жыл бұрын 3181 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай мұсылманы әлеуметтік желіде исламды насихаттағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен. Тарқатып айтқанда, Хуанг Шике есімді 49 жастағы қытайлық мұсылман 2016 жылы Синьцзян провинциясында тұтқындалған болатын. Полиция тарапынан. Қамауға алынар алдында, дәлірегі, 3 ай бұрын ислам жайында мәлімет беретін WeChat пікір-талас қосымшасын ашқан болатын. Аталған қосымша арқылы отандастарына ислам жөнінден мағлұмат беріп отырды. Бұл жайында CBS News ақпарат көзі хабар таратты. Осы әрекеті үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Сот қаулысында айтылғандай, оған дінді электронды құралдарда насихаттауға заңмен салынған тыйымды бұзды деген айып тағылған екен. Айта кетейік, сотталған Хуанг дені ислам дінін қабылдаған хуэй деп аталатын этникалық азшылықтың өкілі. Қытайда шамамен 10,6 млн хуэй өмір сүруде. 

0 пікір
Мұрағат