Интернетке еркін қол жеткізу адамның негізгі құқығына айналуы тиіс
|
![Интернетке еркін қол жеткізу адамның негізгі құқығына айналуы тиіс](https://static.islam.kz/uploads/images/0oK/Ifo/Dpxxsd3IhfrFxN1d-lg.jpg)
Германияның экономика және энергетика министрі Петер Альтмайер (Peter Altmaier) интернетке еркін қол жеткізуді, яғни, интернет игілігін қолдан жасалған кедергілерсіз пайдалануды адамзаттың негізгі құқы ретінде тануға шақырды. Яғни, интернетті пайдалану құқығын медицина мен білім алу құқығымен теңестірді. Бұған қоса, интернет әлемнің дамушы елдері мен экономикасы өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан елдер интернетті барынша еркін пайдалана алуы керек, деп мәлімдеді Петер Альтмайер қараша айының 25-і күні Берлин қаласында өткен интернетті басқаруға қатысты форумда сөйлеген сөзінде. Табаны күректей бес күнге созылған аталған жиынға телекоммуникациялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері, саясаткерлер, т.б. қатысты. Бүгінгі таңда Қытай, Иран, ішінара араб елдері секілді авторитарлы мемлекеттерде халықтың өз ойын бүкпесіз ашық айтатын алаңға айналған интернетті бұғаттау арқылы сөз бостандығын шектеу шараларына жиі барады.
![Түркиядағы жалғызбасты адамдар қарасы 5 млн-нан асты](https://static.islam.kz/uploads/images/uS1/vFk/7BZSuRf5SIJusn8D-sq.jpeg)
![Әкесі қайтыс болғаннан кейін ЭКО әдісімен дүниеге келген балаларға асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы тағайындалады](https://static.islam.kz/uploads/images/dZN/wjb/4uPTVnXIc4CYeYAb-sq.jpg)
![Жапония цифрлы активке салық реформасын жүргізеді](https://static.islam.kz/uploads/images/FTC/Pc3/Mu6kr3CEP4iUSCxJ-sq.jpeg)
![Бір саусақ санына жететін жылда криптовалютаны пайдаланушылар қарасы 1 млрд адамға жетеді](https://static.islam.kz/uploads/images/8H6/y7f/DemTXybZSinW2gn2-sq.png)
![Орта Азия елінде түрмеде кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқартатын заң қабылданды](https://static.islam.kz/uploads/images/IQr/YoY/ssSoQMoTiADyCjfz-sq.jpg)