ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ЕМДЕЙТІН КЛИНИКА АШЫЛДЫ
ИНТЕРНЕТ-ТӘУЕЛДІЛІКТЕН ЕМДЕЙТІН КЛИНИКА АШЫЛДЫ
8 жыл бұрын 2605 e-islam

Алжир республикасында емделушілерді бұрын-соңды кездеспеген әрі ерекше, кең тараған аурудан – интернет-тәуелділіктен айықтыратын аурухана ашылды.

«Біз тәуелділік дегенде, ең әуелгі кезекте алкоголь, темекі немесе есірткі ойымызға келеді. Алайда, қазіргі заманда жастар тағы бір, өте күрделі, өмірге орасан зиян алып келетін, психикалық зардап шектіретін интернет тәуелділігі дертіне жиі ұшырайды» дейді Башира Ментури клиникасының бас дәрігері Хакима Буалем.

Айта кету керек, аталмыш клиника – Африка бойынша интернет тәуелділіктен емдейтін тұңғыш мекеме. Оның үстіне Алжирде жоғары жылдамдықты интернет бар-жоғы үш жыл бұрын ғана пайда болған және интернет желісі республикада 100 пайызға қамтылмаған. 

0 пікір
Мұрағат