Интернет алаяқтарының табысы жылдан жылға артып барады
Интернет алаяқтарының табысы жылдан жылға артып барады
3 жыл бұрын 1236 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Instagram, Facebook, TikTok және Twitter секілді танымал әлеуметтік желілері арқылы интернет алаяқтары өткен 2021 ылы 770 млн доллар табыс тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы АҚШ-тың тәуелсіз агенттігі болып табылатын федералды сауда комиссиясы (FTC)келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Киберқауіпсіздік мамандарының айтуынша, бұл тең айсбергтің көрініп тұратын беткі жағы, өйткені, алданып қалған адамдар алаяқтарға олжа болғанын жариялағысы келмейді, біріншіден, ұялады, екіншіден, интернет алаяқтарын ұстау немесе олардың қылмысын дәлелдеу қиын болғандықтан «қолдарын бір-ақ сілтейді» немесе жылы жауып қоя салады. FTC мәліметі бойынша әлемжелі арқылы алаяқтар құрған қақпанға түскендер саны бір жылда 95 мыңнан асып кеткен, мұның өзі тек белгілісі ғана. Алаяқтықтың барлық түріне шаққанда интернеттегі алаяқтықтан келген шығын 25%-ға жеткен, бұл көрсеткіш осыдан бес жылғы көрсеткішке қарағанда 18 есе көп. Пандемияға байланысты шектеу шараларынан адамдар электронды құралдарын жиі пайдаланғандықтан өткен 2021 жылы интернет алаяқтарының құрығына түсіп қалғандар қарасы көп. Әсіресе, 18-39 жас аралығындағы адамдардың қарасы көп алданып қалғандар арасында. Аталмыш комиссия қорытындысы бойынша әлемжелі арқылы жасалған қылмыс түрлерінің арасында инвестициямен байланысты түрлі жалған жобалар мол табыс әкелген алаяқтарға. Соның ішінде криптовалютамен байланысты жобалар көш бастаған. Алаяқтарға пайда түсіру жағынан.

0 пікір
Мұрағат