Инсулин халал сертификатына ие болды
Инсулин халал сертификатына ие болды
11 ай бұрын 924 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инсулин шығаратын ресейлік Geropharm фармацевтикалық компаниясы өз өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификатқа ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. DSM Group бас директоры Сергей Шуляк Ресей тарихында инслуиннің шариғат талаптарына сай алғаш рет әзірленгенін атап өтті. Ресейлік инсулиннің халал сертификаты 2026 жылдың аяғына дейін жарамды. Сонымен қатар, өндірісте исламда рұқсат етілген ингредиенттер ғана қолданылатын дәрілер ғана шариғат талаптарына сай әзірленген, деп танылады. Мұндай дәрілердің құрамында алкогол немесе шошқаның қаны мен жасушалары болмайды, сондай-ақ, шариғатқа қайшы келетін жолмен бауыздалған немесе сойылған жануардың жасушалары кездеспейді. Аталмыш компания өкілдері шариғат талаптарынан ауытқымауға тырысатын мұсылман науқастардың сенімсіздігі инсулин өндірісінің тарихымен байланысты екенін жеткізді. Доңыз гормонының құрылымы адамға көп ұқсас болып келетіндіктен жаңа туған торайлардың ұйқы безінен бөлінетін инсулин өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін дәрілік заттарды өндіруде қолданылған. Сергей Шуляк халал сертификатына ие болған инсулинді Таяу шығыс аймағы мен өзге де мұсылман елдерге экспорттау жолдарын қарастыратынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат