|
Інжілді Құран етіп көрсетіп, тәжірибе жүргізді (видео)
|
Нидерландыда екі жас жігіт қызықты әлеуметтік тәжірибе жүргізіп, жұрттың діни сауатын байқап көрді. Олар Інжілдің тысын ауыстырып, қасиетті Құран мұқабасымен қаптады. Содан соң одан көшедегі жүргіншілерге үзінділер оқыған.
Інжілден алынған үзінділердің бірі мынадай: «...Мен әйелдерге оқуға рұқсат етпеймін... сендердің олардың қолын шабуға тура келеді... Оларға кешірім бермеңдер». Мұны естіген жүргіншілер нәумез күй кешіп, мұндайға қалай сенуге болатынын сұраған. Аталған тәжірибеге қатысқандарға қасиетті Құран мен Інжлді салыстырып көруге шақырған. Олар өз кезегінде Құран үкімдеріне «қатал» деген баға беріп, Інжілде «жағымды» жайттар қамтылғандығын жеткізген. Сол сәтте оларға Іжілден үзінді оқығандарын жайып салған. Әлбетте, жүргіншілердің таңдасбасқа амалы қалмады. Бұл жайында «medialeaks.ru» ақпарат көзі хабар таратты. Бұл видеоны тамашалағандар қарасы бірнеше күннің ішінде 4 млн адамнан асып кеткен.