Индус радикалдары мұсылмандарға шабуыл жасады
Индус радикалдары мұсылмандарға шабуыл жасады
10 жыл бұрын 3135

Үндістанның Харьян штатына қарасты Фаридабад өңіріндегі Атали елді-мекенінде тұратын мұсылман жамағаты үйлеріне от қойып, мешітті өртеген үнді жатынан бас сауғалауда. Нақтырақ айтқанда, мұсылмандардың жамағат болып, ақшам намазын оқып жатқанын пайдаланған үнді радикалдары тұтқиылдан шабуыл жасаған. «Олар он адамнан топтанып әр үйге келіп шабуыл жасады», - деді мешіттің қарсысындағы дүкен қожайыны Исал «Indian Express» ақпарат көзінің тілшісіне болған жайтты баяндап. «Үйімізге кірпіш пен газ балонын лақтырып, қолдарындағы таяқпен тап берді. Үйімізге тығылып едік, жанар-жағармай құйып, от қойды», - деді ол сөзін сабақтап. Радикалды үнділерге жергілікті мешіт құрылысының тоқтамағаны ұнамаған. Оның құрылысы 6 жылға шегерілген еді, сот рұқсат берген соң, жалғастырылған болатын. Осыған шала бүлініп, көздеріне қан толған үнді радикалдары мәселені қара күшпен шешпек болып, қолдарына сойыл алған екен. Нәтижесінде мешітпен қоса, дүкен және сол маңдағы мұсылмандардың 17 үйі өртеніп кетті. Бір мұсылманның қол-аяғын байлап, тірідей өртеп жіберді. Қайта суішкілігі таусылмаған екен, қатты күйік алған мұсылман аман қалды. Тапа тал түсте орын алған бассыздыққа кінәлі қылмыскерлерді полиция тұтқындауға асығар емес.

0 пікір
Мұрағат