Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
Индонезиялық компания өз елінің қажылары үшін Меккеде қонақ үй тұрғызады
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Саудия билігі ел экономикасын әртараптандыру мақсатында әрі инвестиция тарту үшін исі мұсылманға қасиетті қос қаладан, дәлірегі, Мекке мен Мәдинадан шетелдіктерге жылжымайтын мүлікті сатып алуға ресми рұқсат берген еді. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мүмкіндікті пайдаланған индонезиялық Donantara компаниясы Меккедегі ұлы мешіттің жанынан жылжымайтын мүлік сатып алғаннан кейін 22 мың қажыға шақталған 13 мұнара тұрғызуды көздеп отыр. Индонезияның Danantara егеменді әл-ауқат қоры Мәжит әл-Харамнан (Ұлы мешіт) небәрі 600 метр қашық орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатында Меккедегі Haj Village жобасын кеңейтуді жалғастырады. Осы орайда Индонезияның аталған қорының бұрынырақта Novotel Makkah қонақ үйі мен Харам мешітінен шамамен 2,5 шақырым қашық орын тепкен Thakher City кешенінде жылжымайтын мүліктің қосымша активін де иеленген айта кетпекпіз. Құрылыстың алғашқы кезеңі 4,4 гектар аумақты алып жатқан жерге 1461 нөмірі бар үш мұнараны қамтыды. Индонезиялық қажыларға арналған қалашық арнайы туннел арқылы Харам мешіт ауданына қосылатын болады.

0 пікір
Мұрағат