Индонезия үкіметі балаларды қанауға қарсы күресті
Индонезия үкіметі балаларды қанауға қарсы күресті
9 жыл бұрын 2639 24.kz newsinphoto.ru Б.Тұрмаханов

Жыл сайын бұл елде ондаған мың бала құлдыққа сатылады. Олардың көбі ауыр жұмысқа жегіледі. Бұл – Индонезия астанасы Джакарта қаласының көшелері. Жол бойында тұрған әйелдер қолдарындағы балаларын жүргізушілерге жалға беруге шыққан. Елде автокөлікпен жүру үшін жүргізушілер кем дегенде үш жолаушыны мінгізуі тиіс. Алайда, қаладағы көлік кептелісін азайтуы тиіс бұл ереженің зияны да бар болып шықты. Себебі, жүргізушілер көліктеріне балаларды отырғызып алады. Кейбірі тіпті, мазасын алған бүлдіршінді есірткімен жұбатып отырған. Мұндай сорақылықтардың беті ашылғаннан кейін, осы аптада қала әкімшілігі бұл ереженің күшін жойды. Бірақ баласын жүргізушілерге жалға беріп, күнделікті табыс тауып келген адамдар бұған наразы. Анис Рани, Джакарта тұрғыны: - Көңілім болмай тұр. Бұл өз туған балам, басқа біреулерден алған жоқпын. Бір адамның жіберген қателігі өзгелерге әсер етіп отыр. Анистің осылай деп күюінуіне де себеп бар. Жалға алған бала үшін көлік жүргізушілері екі доллар төлейтін. Ал Индонезияның 250 млн халқының жартысынан көбі кедейшілікте күн көреді. Дегенмен полиция өкілдері аталған шара балалардың қаналуын азайтатынына сенбейді. Тәртіп сақшылары тұрмысы нашар аудандарды аралап, қорлық көрген балаларды өз қамқорына алып жүр. Оларды арнайы орталыққа орналастырып, психологиялық көмек береді. Сондай-ақ мұнда ғылыми, мәдени және спорт үйірмелері де жұмыс істейді. Бүкіл ел аумағында осындай 11 арнайы орталық ашылған. Халық көп шоғырланған ел үшін бұл шаралар әлде де жеткіліксіз.

 

0 пікір
Мұрағат