Индонезия билігі ұлттық парктегі заңсыз 1400 алтын кенін жабуға бел буып отыр
Индонезия билігі ұлттық парктегі заңсыз 1400 алтын кенін жабуға бел буып отыр
4 күн бұрын 211 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. A local gold trader shows a piece of gold after he purchased it from a gold miner at the mine site in Poboya in Indonesia, Central Sulawesi province April 12, 2012. Photo by Reuters

Индонезия билігі ел  аумағындағы заңсыз жұмыс істейтін кен орындарын жабуды жоспарлап отыр. Дәлірегі, Батыс Ява провинциясына қарасты Сукабуми ауданында орын тепкен Қалимұн Салақ ұлттық парктегі шамамен 1400 алтын кен орнын жою науқанын қолға алмақшы. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне  сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы таяуда ғана, яғни, қараша айының өзінде осындай 300-ге тарта кеніш жабылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы аталған елдің орман шаруашылығы министрлігінің орман қылмысымен күрес жөніндегі директоры Рудианто Сарагих Напиту заңсыз кен өндіру қызметі шахталарда жұмыс істейтін жергілікті халыққа емес, инвесторларға ғана пайда әкелетінін ашына мәлімдеді. Осы орайда Индонезияда заңсыз алтын өндіру ісі кеінен тарағанын айта кету керек. Оның өзі жергілікті қоршаған ортаға залал келтіру есебінен, соның ішінде орманды отау, өзен-көлді ластау, ұлттық қазба байлық ресурсын талан-таражға салу есебінен жүргізіледі. Индонезиядағы заңсыз алтын өндіру негізінде Жамбы, Батыс Суматра, Батыс Калимантан, Орталық Сулабеси, Қалимұн Салақ ұлттық паркі аумағында қарқын алып отыр.

0 пікір
Мұрағат