Индонезия алкогольсіз ел болуға әзірленіп жатыр
Индонезия алкогольсіз ел болуға әзірленіп жатыр
8 жыл бұрын 3775 nat-geo.ru

Индонезия парламенті осы күндері елде алкогольге толықтай тыйым салу мәселесін қарап жатыр.

Индонезия халқының 88 пайыздан астамы ислам дінін ұстанады. Яғни, әлемдегі ең ірі мұсылман мемлекетіне жатады. Туристерден қазіргі уақытта қоғамдық орындарда сабырлы болуды немесе ашық-шашық киінбеуді сұрауда. Таяуда оған тағы бір қағида қосылмақ: үкімет ел аумағында алкоголь өндіруге, сақтауға, сатуға және тұтынуға тыйым салуды көздеп отыр.

Тыйым елдің туристік секторын да қамтымақ. Елдің бірқатар облыстарының, бірінші кезекте Бали курорттық аралының экономикасы тікелей туризмге тәуелді.

Бұған туристер наразылық білдіруде. Журналистер жүргізген сауалнама нәтижесі   демалыс кезінде ішімдік ішу мүмкіндігінің болмауы Индонезияға деген туристердің қызығушылығын жоғалтады, олар бұған рұқсат беретін өзге курорттарда демалуға баратынын көрсетті. 


null

null 

0 пікір
Мұрағат