Індет лоббиі: АҚШ семіздікті қалай экспорттайды?
Індет лоббиі: АҚШ семіздікті қалай экспорттайды?
7 жыл бұрын 4804 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны Дональд Трамп кезінде АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама енгізген реттеу нормаларының күшін жоятын шараларды қолға алып жатыр. Сондай шаралардың бірі – сауда келіссөздерінде қатаң позиция ұстануы. Мұның семіздік індетіне қандай қатысы бар дерсіз? Тікелей. Өздеріңіз белісіздер, ғаламдық капиталистік жүйе өз ережесін таңып отыр нарық ережесін алға тартып. Бұл өз кезегінде адамзаттың иглігін емес, ең алдымен өз қарақан басының пайдасын көздеуге мүмкіндік беретін жүйе болғандықтан АҚШ президентінің бұл қадамы әлемдік семіздік індетімен күресу бағдарламасын құрдымға жібермек. Адамзаттың бақылауынан шығып, күллі әлемді жайлаған семіздік індеті өмір сүру ұзақтығына, яғни, адам денсаулығына тікелей әсер етіп, бұл өз кезегінде семіздік індетінің салдарымен күресу шығындарын арттырып отыр. Ал бұл шығын жылдан жылға артып келеді. Өз кезегінде әлемдік экономикаға орасан зор салмақ салып отыр. Семіздік әлемдік экономиканы салмағымен жаншып езіп барады. Тура мағынасында. Әсіресе, әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінде, соның ішінде, АҚШ, Мексика және Канада, т.б. Кереғарлықты қараңыз: әлем бойынша 800 млн-нан аса адам тойып тамақ ішпейді, яғни, ашқұрсақ жүр. Ал әлемде 700 млн-нан аса адам артық салмақтан зардап шегеді. Олардың 100 млн-ы – балалар. Жуарда АҚШ-тағы аурудың алдын алу және қадағалау жөніндегі орталық (CDC) келтірген дерекке қарағанда, америкалықтардың 40%-ы артық салмақтан еркін жүріп-тұра алмайды. Олардың 20,6% -ы 12-19 жас аралығындағы жасөспірімдер. Ал бір ғана АҚШ-та семіздік індетінің салдарымен күресуге жылына 200 млрд доллардан аса қаражат жұмсалады екен.  Бұған қоса, семіздік індетінің салдарымен күресу шығыны мұнымен ғана шектеліп қалмайды, керісінше өспесе, кемімейді. Әр елдің билігі семіздік індетімен күресу үшін түрлі шараларды қолға алып, саламатты өмір салтын насихаттағанымен америкалық тамақтану мәдениеті (тез дайындалатын фаст+фуд, т.б.) тоқтамайынша, семіздік күрестен еш нәтиже шықпайтынын алға тартып отыр сарапшылар. Америкалықтар осылайша әлемнің әр түкпіріне лоббистер арқылы өздерінің тағам өнімдерін өткізуді, яғни, экспорттауды жолға қойып алды. Мәселе, АҚШ-тың көршісі Мексиканың жағдайын алайық. 1993 жылы АҚШ-пен еркін сауда келісімін жасағалы бері Мексикада семіздік індетінің деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Фаст-фудтың, т.б. тағам өнімдерінің жарнамасының да аталған елдегі семіздік індетінің етек алуына тікелей әсер еткен факторлардың бірі болды. АҚШ-пен еркін сауда келісімі жасалған 1993 жылдан 2014 жылға дейін Мексикада артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы үш есе артып кеткен. АҚШ-тың солтүстіктегі көршісі Канада да осы жағдай орын алған.

0 пікір
Мұрағат