Індет жұқтырғандардан дәрігерлердің өзі қашып жатыр
Індет жұқтырғандардан дәрігерлердің өзі қашып жатыр
5 жыл бұрын 2779 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Угандадағы Накаба округінде орын тепкен қытайлар мен угандалықтардың біріккен емханасындағы ессіздік угандалық әрі қытай дәрігерлерінің масқарасын шығарды. Аталмыш ауруханаға Эбола індетіне шалдыққан деген күдікпен әкелінген пациенттен науқастар мен медицина қызметкерлері бас сауғалап қашқан. Жұқтырып алудан қауіптеніп. Бұл жайында Daily Monitor Uganda ақпарат көзі хабар таратты. Аталған емхананың бас дәрігері Еммануел Батиббе пациенттің Эобла індетін жұқтырғаны расталып, сәрсенбіге, яғни, маусым айының 19-на қараған түні аталған індеттен бақилық болғанын мәлімдеді. Пациент темір тормен қоршалған оқшаулау орнына жатқызылған. Десе де Уганданың денсаулық сақтау министрлігі осы айдың басынан бері 3 адамның Эбола індетінен көз жұмғанын әрі олардың барлығы бір отбасынан шыққанын мәлім етті. 

0 пікір
Мұрағат