Имамсыз өлді...
Имамсыз өлді...
6 жыл бұрын 2867 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, осыдан 9 күн бұрын "Исламды қабылдаған аса қауіпті қылмыскер өлім жазасы қарсаңында ерекше өтінішін жеткізді" деген тақырыппен жаңалық таратқан болатынбыз. Сонда түрме қабырғасында исламды қабылдаған, өләм жазасына кесілген қылмыскер турасында айтқанбыз. Басынан түсінікті болу үшін сол жаңалықтың мәтінін қайталап бергенді жөн көрдік:

АҚШ-тың Алабама штатының сотына аса қауіпті қылмыскердің қорғаушысы өтініш түсірді. Өлім жазасына кесілген қорғауындағы 42 жастағы Доминик Рэйдің атынан. 15 жастағы үш жасөспірімді пышақтап өлтіргені үшін 1995 жылғы үкім бойынша осы жылдың ақпан айының 7-сі күні  жүзеге асырылуы тиіс өзіне кесілген өлім жазасы кезінде жанында христиан капелланы емес, имамның болғанын қалайды. Алайда, оның бұл өтінішін түрме әкімшілігі елемеген. Ол ол ма, оған өлім жазасы кезінде жанында діни қызметкерден бас тартуға үгіттеген. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. Темір тордың аржағында жатып тура жолға түсіп, Хакім есімін иеленген ол өзінің конституциямен кепілдік етілген ар-ождан бостандығына қатысты құқығы аяқ асты болғанын мәлімдеді. Өлім жазасы ине салу (иньекция) бойынша жүзеге асырылады.

Адам құқығын сақтауды алдына мақсат етіп қойған ең "демократиялы" елдің өзінде нәсілшілдіктен әрі діни кемсітушіліктен заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді деген жоғарғы соттың өзінде табанасты болды. Өлім жазасына кесілген мұсылман тұтқынның өтініші қанағаттандырылмады. Өлім жазасы орындалатын күні имам шақырылмады. 

0 пікір
Мұрағат