Имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынады
Имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынады
5 ай бұрын 605 inbusiness.kz Динара Мұрат

27 мамырда Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және әлеуметтік желілердегі жазбаларға "лайк" қалдырмау туралы ескерту алды. 

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы имамдардың әлеуметтік желілерге шығуын шектеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мамыр айының соңында Өзбекстандағы барлық мешіттердің имамдары Ташкент бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. 

Онда "тағы бір тапсырма әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салуға қатысты", "сонымен қатар оны оқығаннан кейін әлеуметтік желілердегі кез-келген постқа лайк қоюға тыйым салынады" делінген. 

Бұл ақпарат Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында расталды.

Өзбекстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Дін істері комитетінің деректері бойынша 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 16 конфессияның 2285 діни ұйымы жұмыс істейді.

Олардың 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі Өзбекстан Республикасының "Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы" заңымен реттеледі.

Динара МұратДинара Мұрат

 

0 пікір
Мұрағат