Имамдардың мемлекет ісіне араласуына немесе саясатпен айналысуына тыйым салынды
Имамдардың мемлекет ісіне араласуына немесе саясатпен айналысуына тыйым салынды
6 жыл бұрын 2862 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркияның конституциялық соты осындай шешім шығарды. «Конституция мемлекеттің демократиялық және зайырлы сипатына ислам дінімен байланысты ұйымдардың қол сұғуынан қорғауды сотқа міндеттейді. Конституцияда айтылғандай, сөз бостандығына республиканың негізгі принциптерін қорғау мақсатында шектеу қойылуы мүмкін. Дін істері басқармасы мемлекеттің зайырлы сипатын сақтай отырып, өз борышын орындауы тиіс. Бұл сасяи мәлемдеме жасаудан, пікір білдіруден және ұлтты ұйыту мен ынтымағын сақтаудан көрініс табады»,- деп түрік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сот шешімінде. Айта кету керек, бұл құжат 1965 жылы қабылданған болатын. Алайда, Ескішаһардың әкімшілік сотының қаулысымен өз күшін жойған болатын. Ел конституциясына қайшы келеді деген ұйғарыммен. 

0 пікір
Мұрағат