ИМАМ СВЯЩЕННИКТІҢ ӨСИЕТІН ОРЫНДАДЫ
|
Босниялық Хұсейн Ходич есімді имам Драган Чвиянович шіркеу қызметкерінің орындалмай кеткен арманын жалғап,марқұмның артында қалған отбасына бір жыл бойы көмектесіп келген. Көз жұмар алдында жер теліміне қол жеткізіп, үй салуға кіріскен Драган өткен жылдың қазан айында қайтыс болғанымен, құрылыс жұмыстары Хұсейн имамның қолдауымен жалғасын тапқан.
Сербиялық дін қызметкерінің ұлы Миливой Чвиянович «Анадолы» агенттігіне берген сұхбатында үй толықтай Хұсейн имамның қаржысына салынып біткенін айтады. «Жер бетінде ізгі адамдардың бар екеніне шексіз қуаныштымын», – дейді ол. Оның айтуынша, әкесі мен Хұсейннің арасындағы қарым-қатынас Требиние қаласында басталған көрінеді. Кейіннен Хұсейн Черногриядағы Герсег-Нови қаласына ауысып кеткенімен, арадағы сыйластық үзілмеген.