Имам есірткі қабылдаудан бас тартты...
Имам есірткі қабылдаудан бас тартты...
7 жыл бұрын 3227 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Балтимордағы Джон Хопкинс университетінің ғалымдары алдарына амбициялық мақсат қойған ғой - жесең елес тудыратын саңырауқұлақты түрлі наным-сенім өкілдеріне, дәлірегі, түрлі дінбасыларына дәмін татырып көрмек болған - олардың діни көзқарасы қаншалықты өзгеретінін білгісі келіп. Аталмыш тәжірибеге, қызық болғанда, католиктердің, православтардың, будданың, иудалық нанымның дінбасылары қатысуға келісімін берген екен. Алайда, ғалымдар бұл тәжірибеге қатыстыру үшін қалай айтса да имамды көндіре алмаған. Өйткені, ислам мас қылатын, ессіздікке апаратын кез келген нәрсені қабылдауға үзілді-кесілді тыйым салған. Адам өмірін құтқару үшін ғана болмаса, ондай күмәнді тәжірибелерден алыс жүру керектігін алға тартқан. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат