Йеменде қарулы қақтығыстардан бір жыл ішінде 3218 адам қаза тапты
|
Йемендегі қарулы қақтығыстардан бір жыл ішінде 3218 азамат қаза тауып, 5778 тұрғын жараланған. Женевада БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейда Раада әл-Хусейн бұл сандарға мән беру қажет деп мәлімдеді. Оның айтуынша Сауд Арабиясы басқаратын коалицияның 15 наурыз күні Әль-Хамис қаласына жасаған әуе соқысынан 106 бейбіт тұрғын көз жұмған. Өйткені соққы қаладағы базарға бағытталған. Сондықтан халықаралық ұйым Сауд Арабиясы басқаратын коалицияны алдағы уақытта өте мұқият болуға шақырды. Өйткені мұндай әрекеттер халықаралық қылмыс деп қаралуы мүмкін. Себебі өзара соғысып жатқан тараптар өз нысаналары мен бейбіт тұрғындардың елді мекенін айнытпай ажырата білуі тиіс. Айта кеткен жөн, Йеменде 2014 жылдың тамыз айынан бері үкімет жасағы мен көтерілісші хуситтер арасындағы қарулы қақтығыс тыйылар емес.