Идлибке бомба тастаған ұшқыштың соңғы сөзі (Видео)
Идлибке бомба тастаған ұшқыштың соңғы сөзі (Видео)
10 жыл бұрын 5056

«Әл-Жазира» телеарнасы өлер алдында өзін қалта телефонына түсіріп алған сириялық билік әскерінің ұшқышына қатысты роликті көрсетті. Башар Асадқа адал сарбаз шылымын шегіп болған соң Идлиб қаласындағы тұрғындар ауданына бомба тастайды. Ролик авторы наурыз айының 22-і күн соңғы рет ұшқанынан және оның тікұшағы көп ұзамай құлайтынынан хабарсыз. Оның қалта телефоны, дәлірегі, қалта телефонына түсіп қалған өзінің бейнесі мен қуатты бомбаның жанында жатқаны оппозицияның көзіріне айналатынынан да хабарсыз болатын. Оппозиция оны бұлтартпас айғақ ретінде Башар Асадқа қарсы пайдаланады. Бұл бомба түскен жерін жайпап жіберетіндігімен ерекшеленеді. Мұндай бомба әдетте тікұшақтан тасталады. «Amnesty International» деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы Сирия билігінің бұл әрекетін «адамзатқа жасалған қылмыс» деп атап отыр. Видеоның сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?t=39&v=ugE7uaz08Wg 

 

 

0 пікір
Мұрағат