|
Ібіліске ескерткіш қойылды
|
АҚШ-тың Детройт қаласындағы шайтанға табынатындар Люциферге (олардың ұғымында ібілістің бір аты саналады – ред.) ескерткіш қойды. Олар ескерткішті жабық сауық кешінде қойды. Аталмыш шараға қатысқысы келетіндер мүйіз бен құйрық жалғап келуі шарт етіп қойылды. Кіргісі келетіндер 25 доллардан төледі. Ал ескерткіштің жанында тұрып суретке түсу үшін одан екі есе көп қаржы төлеуі тиіс болды. Күзеті мықты онда тілшілерді кіргізген жоқ. Ол ол ма, қалта телефонымен кіруге де рұқсат берген жоқ. Ешкімге. Алайда, дін белсенділері бұл сауық кешіне бөгет жасамақ болған екен, полиция олардың жолын бөгеді. Бұл жайында Fox10 TV ақпарат көзі хабар таратты. «Біз қандай дінді ұстанғысы келсе де, олардың құқығына қол сұға алаймыз», - деп түсіндірді тәртіп сақшылары өздерінің бұл әрекетін. Салмағы жарты тоннаға жететін ескерткішті жасауға тапсырыс бергендер қалталарынан 100 мың доллар шығынданған. Ендігі жерде сатанистер ескерткішті Арканзас штатына қарасты Литл-Рок қалалық әкімшілігі орналасқан ғимараттың алдына қоюды ел билігінен талап етпек.