Хуситтер соғысқа айдап салған балалардың 2000-дайы майдан даласында көктей солған
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы келтірген мәліметке қарағанда, Йемендегі хуситтер соғысқа тартқан балалардың шамамен 2000-ы майдан даласында мерт болған. Бұл жайында islam.kz порталы aljazeera.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хуситтер 7 жасқа дейінгі балаларды қару-жарақты тазалау жұмыстарына жегеді. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіндегі 300 беттік баяндамада хуситтер балаларды соғысқа тарту үшін мешіттер мен жаздық лагерлерді пайаланатыны айтылған. Саудия бастаған коалициямен арада жүріп жатқан соғыстан баудай түскен жеткіншектердің 1406-сы 2020 жылы, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында 562-сі өлген. Майдан даласында өлген балалардың дені 10-17 жас аралығында.
Ұқсас материалдар:
"6 жылда Йеменде 10 мыңнан аса бала көктей солған" (https://islam.kz/kk/news/alem/6-jylda-iemende-10-mynnan-asa-bala-koktei-solgan-15913/#gsc.tab=0);
«Йемен иірімі» (https://islam.kz/kk/news/alem/iemen-iirimi-jalgasy-13542/#gsc.tab=0);
«Йемен қасіреті» (https://islam.kz/kk/news/alem/iemen-qasireti-10579/#gsc.tab=0);
«Йемен шырғалаңы» (https://islam.kz/kk/news/alem/iemen-shyrgalany-11664/#gsc.tab=0);
«Соңы көрінбейтін Йемен шырғалаңы» (https://islam.kz/kk/news/alem/sony-korinbeitin-iemen-shyrgalany-fotovideo-11041/#gsc.tab=0)