Хуситтер Йемен жағалауынан кемелердің қауіпсіз өтуіне кепілдік беретін шартты атады
Хуситтер Йемен жағалауынан кемелердің қауіпсіз өтуіне кепілдік беретін шартты атады
9 ай бұрын 678 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Йеменнің аумақтық суынан өтетін кемелер хуситтер бақылауындағы кеме басқармасынан рұқсат алуы тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Интерфакс ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің коммуникация министрі Мисфер ан-Нумейр рұқсаты бар кемелердің қауіпсіздігіне алаңдамайтынын жеткізді. Осы орайда Йеменнің аумақтық суына Қызыл теңіз бен Аден шығанағын жалғап жатқан Баб әл Мандеб бұғазының жартысы жататынын айта кетпекпіз. Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал шиелеспей тұрып, дәлірегі, Израил мен ХАМАС арасындағы соғыс басталмай тұрып, әлемдегі теңізбен тасымалданатын жүктің шамамен 15%-ы және контейнермен тасымалданатын жүктің төрттен бірінен көбі осы бұғаз арқылы өтетін. Иранмен одақтас хуситтер тайпасы Израил позициясын жақтайтын одақтас елдерге тиесілі кемелерге соққы беріп, халықаралық сауда-саттыққа едәуір кедергі келтірген еді. Maersk және Hapag-Lloyd, т.б. логистикалық компаниялардың бір бөлігі Баб әл Мандеб бұғазы арқылы жүк тасымалын тоқтатқан еді.

0 пікір
Мұрағат