Христиан елінде бір отбасы үшін ғана мұсылман бейітін ашып береді
Христиан елінде бір отбасы үшін ғана мұсылман бейітін ашып береді
7 жыл бұрын 4018 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Құрайыш - Австралияның Жаңа оңтүстік Уэлсіне қарасты Блейн шағын қаласының жеті мың тұрғыны бар. Бұл елді-мекенде тек бір отбасы ғана мұсылман отбасы. Таяуда отағасы Жамила жергілікті билікке қала бейітіннен қайтыс болған мұсылмандардың сүйегін жерлейтін өз алдына бөлек жеке мазарға жер бөлуін сұрап, өтініш білдірген екен. Жергілікті билік өкілдері, соның ішінде қала басшысы Скотт Фергюсон оның өтінішін дереу орындайды. Бұл жайында abc.net.au ақпарат көзі хабар таратты. "Бұл менің туған өлкем, Блейнде бүкіл өмірім өтті",- деді Жамила Құрайыш. Оның әкесі бұл елге шалғай Пәкістаннан 1979 жылы қоныс аударған екен. Ол да осы қалада сүйегінің жер қойнына тапсырылғанын қалайды. Әкесінің бұл қалауы да Жамиланы билікке өтініш білдіруіне түрткі болды. Аталған елді-мекендегі католик, пресветриан, методшы мазарларымен қатар мұсылмандар бейіті де пайда болмақ. 

0 пікір
Мұрағат