Христиан елі халал бизнес орталығына айналмақ
Христиан елі халал бизнес орталығына айналмақ
8 ай бұрын 1006 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Маниладағы Макати бизнес орталығы мен Филиппиннің сауда және өнеркәсіп департаменті халал стандартына көшетіндері жөнінде келісімге келді. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Филиппин астанасы шаиғат талаптарына сай жүргізілетін бизнес пен өнеркәсіп хабына айналуды мақсат етеді. Филиппин билігінің мұндай қадамға баруына халал тауарлар мен қызметтер нарығының қарқынды дамуы түрткі болған. 2024 жылға қарай бұл нарықтағы айналым шамамен 7 триллион долларға жетеді. Манила қаласындағы Макати ауданы бизнес орталық ретінде аты шыққан. Мұнда қаржы мекемелері, банктер, ұлттық және халықаралық компаниялардың өкілдіктері, сондай-ақ, шетелдік елшіліктер орналасқан. «Ұлттық халал индустриясын ілгерілету және дамыту саясатын тиімдірек жүзеге асыру үшін үкімет осы жоспарды жүзеге асыратын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен келісімдерге отырды», - деп хабарлады Макати бизнес орталығының президенті Тутс Кортес. Осы орайда Азияның оңтүстік-шығысында орын тепкен осынау ел тұрғындарының 80 пайыздан астамын католиктер құрайтынын айта кетпекпіз. Ал мұсылмандар қарасы шамамен он пайыз. Мұсылмандар негізінен елдің оңтүстігіндегі Минданао аралында шоғырланған.

0 пікір
Мұрағат