|
Христиан экстремизмі: «Крест жорықшысы» қаруы саудаға шығарылды
|
АҚШ-тың Флорида штатында жасалған отты қару, дәлірегі, Інжілден мәтін жазылған («Мені қолымды шайқасқа үйреткен, саусақтарымды соғысқа икемдеген даңқы асқан Құдайым, жартасым менің», Інжіл, 144:1 шумағы), «Крест жорықшысы» деп аталатын винтовкаға байланысты дау туындады. Аталған қаруды шығарған компания өкілі Бен Томас (бұрын АҚШ-тың әскери теңіз күштерінде қызмет кеткен) түсіндіргендей, «бұл қаруды мұсылмандар қолына алмауы керек». Бұл жайында IslamNews порталы Huffington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Айта кетейік, Америка-Ислам қатынасы жөніндегі кеңестің аталмыш штаттағы бөлімшесінің директоры бұл қару турасында: «Ол христиан террористеріне арналған» деп сынға алды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстандықтарға шетелде қиын жағдайға тап болған кезде кім көмектеседі
■
Азия елі сумен жұмыс істейтін батарея шығара бастады
■
Ғалымдар обырмен күресу үшін иммундық жасушаны қолдан өсірудің жолын тапты
■
Қытай шөлейттенуге қарсы биотехнологияны қолданады
■
Үндістан мұсылмандар көптеп оқуға түскен үшін медициналық колледжді жауып тастады