ХҚС тәліптер көсемін тұтқындауға ордер сұрап отыр
ХҚС тәліптер көсемін тұтқындауға ордер сұрап отыр
4 сағат бұрын 56 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Social Media / Reuters

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) прокуроры Кәрім Хан ауған билігіндегі тәліптер қозғалысының көсемі Хайбатулла Ахунзаданы тұтқындауға қатысты ордер сұрады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ХҚС сайтында жарияланған прокурордың өтінішіне жөн сілтеген Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мұқият тергеуден кейін және жиналған дәлелдерге сүйене отырып, менің кеңсемде тәліптердің жоғарғы басшысы Хайбатулла Ахундзада мен бас сот төрешісі Әбдікәкім Хаккани жыныстық белгі бойынша қудалау түрінде адамзатқа қарсы қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады деп санауға негіз бар», - деп айтылған хабарламада. Дәлірегі, ХҚС прокурорының пікірінше, тәліптер ауған әйелдері мен қыздарын кемсіту, құқығын бұзу арқылы жәбір көрсетіп отыр. Кәрім Хан тек Хайбатулла Ахундзада мен Әбдікәкім Хакканиге ғана емес, сонымен қатар, тәліптердің өзге де ықпалды тұлғаларын тұтқындауға ордер сұрайтынын мәлімдепті. Осы орайда таяуда Америка құрама штаттары конгресінің өкілдер палатасының Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкциялар туралы заң жобасын қабылдағанын айта кетпекпіз. Мұндай шешім ұйымның Израил басшылығының палестиналықтарға қарсы озбырлық әрекеттерін айыптауды жоққа шығаруға байланысты қабылданды. Қабылданған заң жобасына сәйкес АҚШ америкалықтарды немесе одақтас мемлекеттің лауазымды тұлғаларын тергейтін, тұтқындайтын, ұстайтын немесе сот арқылы қудалайтын кез келген адамға қарсы санкциялар енгізе алады.

0 пікір
Мұрағат