Холокосты мектеп бағдарламасына енгізетін алғашқы араб елі пайда болды
|
Біріккен Араб Әмірлігі Израилмен барлық салада, атап айтқанда, қорғаныс пен қауіпсіздіктен бастап, мәдени байланыс орнатуда. Бұл жайында islam.kz порталы Jewish News Syndicate ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хлокост («Холокост» деген сөз грек тілінен аударғанда оттың көмегімен құрбандыққа шалу деген мағынаны білдіреді. Негізінде бұл сөз 1933-1945 жылдар арасында Гитлердің билік басына келуімен фашистердің 6 миллион ебірейдің (Еуропа ебірейлерінің 60 пайызы) көзін жойғанымен байланысты айтылады. Тұңғыш рет «холокост» термині АҚШ баспасөзінде 1960 жылдары Освенцим крематорийіне байланысты қолданылған – Уикипедия электронды энциклопедиядан) БАӘ-ның бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламасына енгізілетін болады. Бұл ақпаратты Уашингтондағы БАӘ елшілігі растады. Осылайша аталған араб елі Холокосты өзінің ұлттық оқу бағдарламасына енгізетін алғашқы араб мемлекеті болады. «Біріккен Араб Әмірліктері бірнеше жылдан бері аймақта бейбітшілік пен толеранттылықты ілгерілетуде көш бастап келеді», - деді мектептегі білім берудегі бейбітшілік пен мәдени төзімділікті бақылайтын израилдік үкіметтік емес ұйым IMPACT-se бас директоры Маркус Шефф.