HİSAR O жүйесінің ұзақ қашықтықтан атуға арналған алғашқы сынақтары сәтті өтті (видео)
HİSAR O жүйесінің ұзақ қашықтықтан атуға арналған алғашқы сынақтары сәтті өтті (видео)
3 ай бұрын 693 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияның алғашқы, отандық HİSAR O зениттік зымыран жүйесі алғашқы ұзақ қашықтыққа ұшыруын сәтті жүзеге асырды. Бұл жайында islam.kz порталы armiya.az ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Armiya.az дерек көзі  defensehere сайтына сілтеме жасай отырып,  2024 жылдың тамыз айының орта шенінде өткізілген ату сынақтары аясында аталмыш жүйеге баға берген қорғаныс өнеркәсібі басшысы Хаық Гөргүннің сөзін келтірген екен: «Ұлттық инженериямыз арқылы біз әуе кеңістігіміздің қалқанын нығайтамыз. HİSAR O жаппай өндіріс жобасының бір бөлігі ретінде жүргізілген ату сынағында жаңа буын HİSAR O батареясынан атылған RF Seeker зымыранының көмегімен нысана 40 шақырымнан астам қашықтықта тікелей соққымен жойылды. HİSAR жаппай өндірісі жобасының бір бөлігі ретінде біз атуды басқару/командалық архитектурадағы өнімділікті жақсартып, IP коммуникация инфрақұрылымына көштік, үлкен қашықтықтағы нысаналарды анықтай алатын жаңа буын радарын, зымырандарды бағыттау/басқару бағдарламалық жасақтамасын және жетілдірілген жаңартуларды жүзеге асырдық. HİSAR O жүйесінің ұзақ мерзімді маневрлік мүмкіндіктері бар». ÇELİK KUBBE негізін құрайтын жаңа буын конфигурациясындағы жүйелердің бірінші партиясы 2024 жылдың соңына қарай қару-жарақ арсеналға қабылданады.

0 пікір
Мұрағат