Хижаб киюге мәжбүр болған атеист әйел
|

Эрин Мерфи есімді Австралия тұрғыны Жаратушының барына сенбейтін атеист. Алайда, шариғат талаптарына сай киінуге мәжбүр. Өйткені, терісін күн көзінен қорғауы керек – бала кезінен айналдырған ауруға байланысты: обырға соқтыратын мең-дақтарды отамен сылдыртып тастаған болатын. Содан бері бүркеніп, қымтанып жүр. Сол себепті, оның киіну мәнері шариғат шәлісін тастамайтын мұсылман әйелдерді еске түсіреді. Біз сөз етіп отырған 29 жастағы әйел жуырда ғана исламофобтардан таяқ жеді. Тапа-тал түсте. Жасөспірімдер оған айғайлап, елден кетуді талап еткен еді. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Осылайша басына ауруына байланысты орамал тартқаны үшін жазықты болып қалған атеист әйел елдегі мұсылман әйелдердің басындағы жағдайды түсінді. Түсінде де: «Өзім атеист болсам да адамдардың сеніміне қиянат жасауға болмайды»,- деп мәлімдеме жасады.




