Хиджабтан бас тартуға көндіретін жұмысшы тобы құрылады
Хиджабтан бас тартуға көндіретін жұмысшы тобы құрылады
7 жыл бұрын 7759 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан билігі салт-дәстүрді желеу етіп, зайырлылықты мұсылмандарға қарсы қойып, радикалды әрекетке көшкеніне қай заман. Біресе мешіттерді тойханаға айналдырып, біресе, ер мұсылмандардың сақалымен алысып, т.б. сорақы әрекеттерімен көзге түскен мемлекеттердің бірі. Бұл туралы кезінде хабарлаған болатынбыз. Тәжікстан билігі наным-сенім бостандығын көпе-көрнеу табанға таптап отыр. Елдегі радикализмнің пайда болуына алып келетін кедейлікпен күресудің, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тыңғылықты жүргізудің орнына шаш ал десе, бас алатын шолақ белсенділердің қолына сойыл ұстатып қойғандай мына әрекеті еріксіз іш жидырады: тәжік әдет-ғұрпына жат деген желеумен шариғат шәлісін таққандармен күресті күшейтіп отыр. Асыра сілтеуге жол берген аталмыш республиканың Соғды облысында отбасы және әйелдер ісі жөніндегі басқарманың бастамасымен осы мақсатта 20 жұмысшы тобы құрылды. Бұл жұмысшы тобының құрамына білім беру, денсаулық сақтау салаларының, полиция және діни бірлестіктердің өкілдері, тіпті, спортшылар да кірген. "Жұмысшы тобының алдына хиджабты киюге жол бермеу жөнінде насихат жүргізу міндеті қойылды",- деді Соғды облысының отбасы және әйелдер ісі жөніндегі басқарма жетекшісі Нодира Мирзозода.

0 пікір
Мұрағат