Хиджабсыз суретін жариялағаны үшін 170 адам тұтқындалды
Хиджабсыз суретін жариялағаны үшін 170 адам тұтқындалды
9 жыл бұрын 2825

Иранда шариғат шәлісін жамылмай түскен фото-суретін «Instagram»-да жариялағаны үшін 170 адам тұтқындалды. Бұл жайында «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Тегеран қаласындағы компьютермен жасалатын қылмысты ашумен шұғылданатын сот жетекшісі Жауад Бабайдың айтуынша, аталған әлеуметтік желіде хиджабсыз суретін жариялағандар екі жыл бойы жүргізілген «Өрмекші ІІ» операциясы аясында тұтқындалған. Тұтқындалғандар арасында моделдер, фотографтар, менеджерлер, гримерлер болған. Бұл 170 адамнан бөлек тағы 20 адамға қарсы қылмыстық іс қозғалған. «Бұл адамдар исламға жат өнегесіз мәдениетті таратқан»,- деді Жауад Бабай. Айта кетейік, Иранда қоғамдық орындарда хиджабсыз жүруге және шариғат шәлісін жамылмай түскен фото-суретін жариялауға тиым салынған. Қазіргі уақытта «Facebook», «Twitter» және «YouTube» желілер жабылған. Әзірге "Instagram» қосымшасы жұмыс істеп тұр және ирандықтар арасында танымал. 

0 пікір
Мұрағат