Хиджаб кию құқығын қорғаған адвокат мұсылмандардың зор қошеметіне ие болды
Хиджаб кию құқығын қорғаған адвокат мұсылмандардың зор қошеметіне ие болды
7 жыл бұрын 5904 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адвокат Марат Ашимовті жуырда Қазан қаласында басталған "Ұлттық бірегейлік және дін" атты татар діни қайраткерлерінің VIII бүкіл ресейлік форумында татар халқының алдында ерен еңбегі үшін Бүкіл әлемдік татар конгресінің медалімен марапатталды. Адвокатты Бүкіл татарлар конгресінің төрағасы Ринат Закировтың өзі марапаттады. Айта кетейік, Марат Аширов бірнеше рет мұсылмандардың құқығын қорғаумен шұғылданған танымал адвокат. Ол  хиджаб кигені үшін жұмыстан қуылу қаупі төнген мордовалық мұғалімдерге қатысты істі ең алғаш болып өз еркімен қарауына алды. Артынан адвокатқа Руслан Нагиев, Сайд Мұхаммед Шапанов және Рауил Тұғышев есімді адвокаттар қосылды. 

Жаңа жыл қарсаңында Мордовия елді-мекенінде орналасқан Белозерье ауылдық орта мектепте сабақ беретін мұғалімдерге жұмысқа шариғат шәлісін жамылмай келу турасында талап қойылған болатын. Бұл дау-дамай күллі Ресей Федерациясына аумағына жайылады. Яғни, федералдық деңгейге шығады. 

РФ білім беру министрі Ольга Васильеваның өзі осы талас-тартысқа қатысты арнайы мәлімдеме жасауына тура келеді. Министр мектеп қабырғасында мүғалімдердің шариғат шәлісін жамылып жүруіне тыйым салуды жақтайды. Алайда, Шешенстан басшысы Рамазан Қадыров, қоғам және діни қайраткерлері министрдің мәлімдесіне наразылық білдіреді. 

0 пікір
Мұрағат