Харам мешітінде қытайларды қажылық рәсімдеріне үйретеді
Харам мешітінде қытайларды қажылық рәсімдеріне үйретеді
2 жыл бұрын 1286 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяудағы араб елдері басшылары мен Қытай жетекшісі Ши Жипиннің кездесуінен кейін қасиетті Меккедегі қасиетті мешітте қажылық рәсімдері бойынша қытай тілінде дәрістер басталды және қытай қажыларына көмектесу үшін электронды құрылғыларға қытай тілін қосты. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған дейін электронды жоба 14 тілде болатын: араб, ағылшын, урду, француз, бенгал, парсы, индонезия, түрік, орыс және т.б. Уақып, қажылық және умра министрінің орынбасары Хишам Саид Arab News агенттігіне берген сұхбатында қытай қажыларына діни жөн-жоралғылар бойынша көмек көрсетілетінін жеткізді. «Гидтер келушілерге ихрам киіп, қажылық және ұмра рәсімдерін үйретеді, сондай-ақ, королдіктің бірегей тарихи-археологиялық орындары туралы әңгімелейді», деді ол. Оның келтірген дерегіне қарағанда, мұндай қызметті ай сайын 7 мыңға тарта адам пайдаланады.

0 пікір
Мұрағат