Харам мешітінде қажыларды қабылдаудағы шектеулер алынды
|
Қасиетті Мекке қаласында орын тепкен Харам мешітінде жұқпалы індетке байланысты енгізілген шектеулер жұмсартылады. Дәлірегі, аталған киелі орынға келушілер санына шектеу қойылмайтын болды. Бұл туралы Харам мешіт істері жөніндегі бас хатшының орынбасары аад бин Мұхаммед әл-Мұхаймид мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дегенмен, ол мешітте бетперде тағу режиімінің сақталатынын әрі ұмра мен намаз оқу үшін Tawakkalna және Eatmarna қосымшалары арқылы алдын ала тапсырыс беру керектігін ескертті. Бұдан бөлек, Саудия аумағында жексенбіден бастап қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, мейрамханаларда, кинотеатрларда, сауда орындарында, т.б. орындарды әлеуметтік арақашықтықты сақтау әрі жабық емес орындарда (қасиетті екі мешіттен басқа) бетперда тағу міндетті болмайды.