Харам мешіті кодты белгісі бар аймақтарға бөлінеді
Харам мешіті кодты белгісі бар аймақтарға бөлінеді
12 ай бұрын 1874 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының билігі қасиетті Меккедегі Харам мешіті мен оның айналасын кодты белгісі бар аймақтарға бөлу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Gazette мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара қажыларға бағдарын анықтауға көмектесуі тиіс. Киелі қос мешіт істері жөніндегі бас басқарма қасиетті орынды аймақтарға бөлуге қатысты зерттеу жүргізу міндетін атқаратын Саудияның пошта және логситикалық қызметімен меморандумға қол қойды. Сарапшылар Харам мешітін аймақтарға бөлудің оңтайлы нұсқасын анықтайды, ал кодтық белгілер Мекке меймандарына ғибадатхананың атшаптырым аумағын шарлауды жеңілдетеді. Мешітті аймақтарға бөлу идеясы соңғы айларда ұмраға келетін қажылар санының айтарлықтай өсуіне байланысты туындап отыр.

0 пікір
Мұрағат