Ханзадалардың желкесінен ел қазынасына қанша қаржы "сығып алды"
|
Естеріңізде болса, Саудияның тақ мұрагері бастаған билік басындағылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы аса ауқымды науқанды өткізгенін кезінде хабарлаған болатынбыз. Аталмыш науқан барысында талай ханзаданың басына қара бұлт үйіріліп, тұтқындалған болатын. Нақтырақ айтқанда, әр түрлі билік тізгінін ұстаған жоғары лауазымды тұлғалары бар, бизнес өкілдері бар, ханзадалары бар, ұзын саны 200-ге тарта адам аталған қылмыс бойынша тұтылған. Аталған елдің бас прокуроры Сауд әл-Можеб (суретте - ред) мәлім еткендей, түрлі активтер, соның ішінде, жылжымайтын мүліктер, коммерциялық кәсіпорындар, құнды қағаздар, ақшалай, т.б. түрінде жалпы 107 млрд доллар қаражат тәркіленген. Ханзадаларға ақша жымқыру, билікті асыра пайдалану, пара алу, ысырап ету, т.б. айыптар тағылды. Айта кетейік, коррупция бойынша қолына кісен салынғандардың бәрі бірдей мемлекет қазынасына қаржыны қайтарған жоқ. Дәлірегі, 95 адам дүние-мүлкін мемлекетке беруден бас тартқан. Олардың ендігі тағдыры сотта белгілі болады.