Халықтың көбеюіне қарсы ерекше шара: ерлерді ұрпақ өрбіту қабілетінен айырмақ
Халықтың көбеюіне қарсы ерекше шара: ерлерді ұрпақ өрбіту қабілетінен айырмақ
3 жыл бұрын 14934 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының билігі халықтың шектен тыс көбеюіне, яғни, аталған штатта қалыптасқан демографиялық дағдарысқа қарсы күрес науқанын бастады. Осы науқан аясында ерлерді өз еркімен ұрпақ өрбіту қабілетінен айыру туралы бастама көтеріліп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Vice ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, өз еркімен ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуды қалаған ер адамға бірқатар әлеуметтік артықшылықтар беретін жоғары мәртебе құжат жүзінде расталады. Бұдан бөлек, қаржылай көтермелеп, сыйлық тарту етіледі. Қысқасы, перзент сүюден бас тартқандарға мол ақша беріледі. Аталған штат билігінің мұндай қадамға баруына штат экономикасының осынша адамға жұмыс тауып беруі, әлеуметтік төлемдерді төлей алмауы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ауыртпалық, т.б. факторлар түрткі болып отыр. Оның үстіне, аталмыш штат халқының дені ауылдық жерлерде тұратындықтан ел экономикасын көтеруге көп атсалыса алмайды, өйткені, ауылдық жерде өндіріс жоқ, сондай-ақ, әлеуметтік реформалардың жүзеге асуына кедергі келтіреді. Тіпті, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге, сайлауда дауыс беруге, т.б. тыйым салуға дейін қатаң радикалды шаралар қарастыруы мүмкін, бұған қоса, әлеуметтік жеңілдіктерден айыру секілді қосымша мәжбүрлеу шаралары да іске қосылуы мүмкін. Керісінше бір баламен шектелген отбасыларға білім беру мен денсаулық сақтау салаларында тегін қызмет көрсетіліп, көтермеленеді. Ал ұрпақ өрбіту қабілетінен өз еркімен айырылғысы келетіндерге салықтық жеңілдіктер қарастырылады, жалақысы өсіріледі, қызмет бабымен жоғарылауына жағдай жасалады. Үндістан аумағында мұндай бастама бірінші рет көтеріліп отырған жоқ, 2011 жылы да Ражастан штатында да осындай бастама көтеріліп, осы бастама аясында ерлерде ынталандыру үшін лоторея ойнатылған еді...

0 пікір
Мұрағат