Халықты тегін тамақтандыратын мемлекеттер рейтингісі жарияланды (инфографика)
Халықты тегін тамақтандыратын мемлекеттер рейтингісі жарияланды (инфографика)
1 сағат бұрын 30 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Инфляция (қымбатшылық) мен азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуі секілді негізгі факторлар адамзаттың едәуір бөлігін аш-жалаңаш қалдыратындықтан күнделікті нанын тауып жеудің өзі кейбіреулер үшін алынбас қиын қамалға айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Pew Research Center зерттеу орталығының деректеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш орталық келтірген мәліметтерге қарағанда, азық-түлік түріндегі жәрдем тек уақытша көмек болудан қалып барады, керісінше, күн сайынғы қажеттілікті өтейтін шара ретінде қабылдана бастаған. Соңғы жылдары халықтың ең әлсіз тобын тегін тамақтандыру шарасын қолға алған елдер арасында Индонезия тегін тамақпен қамту көрсеткіші бойынша көш бастаған: 82 млн адам - халықтың үштен бір бөлігі тегін азық-түлік алады. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған мұсылман елі бұл тарапта мемлекеттік қолдау аясын кеңейтіп, тақыр кедейлікпен күресудің әрі бағаның өсу қарқынынан әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қорғаудың тетігін қалыптастырған. Мәселен, Нигериядағы мұндай қайырымдылық шарасы азық-түлік қауіпсіздігінің нашарлауымен тікелей байланысты. Tribune Online Nigeria ақпарат көзі тегін тамақпен қамтылатын ел тұрғындарының саны артып келе жатқаны туралы мақалаларды жиі жариялайды: 20 миллионға жуық нигериялық бүгінде тегін азық-түлік алады. Тегiн азық-түлiк бағдарламалары инфляция, жұмыссыздық, қарулы қақтығыс және тереңдеген әлеуметтiк теңсiздiк секілді факторларға негiзделген.

Страны, обеспечивающие наибольшую долю населения бесплатным питанием / © World Visualized

0 пікір
Мұрағат