Халықаралық заңгерлер тобы табиғатқа жаппай зиян шектіруді қылмысқа жатқызбақ
Халықаралық заңгерлер тобы табиғатқа жаппай зиян шектіруді қылмысқа жатқызбақ
4 жыл бұрын 2355 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық қылмыстық сот (ICC)  әлемдік экологиялық жүйеге ұдайы әрі біртіндеп зиян шектіргендерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ойластыруда. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш бастаманы үйлестіретін топқа Лондонның университтік колледжінің профессоры Филипп Сэндс пен Халықаралық қылмыстық соттың бұрынғы сот төрағасы Флоренс Мумба жетекшілік етеді. Олардың негізгі мақсаты «экоцидтің» («экология» және «геноцид» терминдерінің біріктірілген нұсқасы) заңдық анықтамасын жасауға саяды. Бұл ұғым «адамзатқа қарсы қылмыс», «әскери қылмыс» немесе геноцидпен теңестіріледі. Аталмыш жоба Еуропаның кейбір елдерінде, атап айтқанда, Франция, Бельгия тарапынан және теңіздегі судың көтерілуінен су астында қалу қаупі жоғары арал елдерде, атап айтқанда, Вануату және Мальдив тарапынан қолдау тауып отыр. «Экоцидтің» заңдық анықтамасы аясында қылмысқа орман-тоғайды жаппай отау немесе өртеу, өнеркәсіптік деңгейде балық аулау, мұхит пен теңіз суын мұнаймен ластау, т.б. секілді ірі экологиялық апатқа ұрындыратын әрекеттер жатқызылады. Ал Гаагадағы халықаралық сот «қоршаған ортаға залал келтірген», «табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалану», т.б. әрекеттерге жол бергендерді жауапқа тартатын болады.

0 пікір
Мұрағат