Халық санағын блогерлер жүргізетін болды
Халық санағын блогерлер жүргізетін болды
5 жыл бұрын 2754 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Росстат, яғни, РФ статистика қызметі 2020 жылы өтетін бүкіл халықтың санаққа блогерлерді жұмылдырмақ. Блогерлер өздерінің онлайн-күнделіктерін, пабликтерін, әлеуметтік медианың түрлі пластформасындағы өзге де персоналдық белсенділікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін форматтарды пайдалана отырып, халық санағын барынша обьективті әрі тиімді өткізуге көмектеседі. Соның ішінде қалың бұқара кеңінен пайдаланатын Facebook, "ВКонтакте", Twitter, Instagram, LiveJournal секілді әлеуметтік танымал желілердің көмегімен халық санағын жүргізуге ден қояды. Халық санағына кем дегенде 5 мың жазылущысы бар блогерлерді жалдамақ. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Өзбекстан билігі туризмды насихаттау, туристерді тарту үшін блогерлердің көмегіне жүгінуге бел буғанын жазғанбыз. «Өзбектер туризмді дамыту үшін блогерлерді жалдайтын болады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/madeniet/ozbekter-turizmdi-damytu-ushin-blogerlerdi-jaldaityn-bolady-12283/#gsc.tab=0) деген тақырыппен берген жазбамызда. Өзбек блогерлері әлемге елдің ең көрікті жерлерін, тарихи-мәдени нысандарын, сәулетін, өнерін таныстыру міндетін атқаруы тиіс. Байқасаңыздар, соңғы жылдары блогерлердің қызметіне мемлекет пен қоғамдық ұйымдар тарапынан сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда блогерлер тәуелсіз тілшілер мен сарапшыларды алмастыра қоймаса да халық пен билік арасындағы дәнекерге айналып барады. Кей жағдайда блогерлер биліктің бишігіне айналып, бірыңғай солардың сөзін сөйлеп кететін кездері болады. 

0 пікір
Мұрағат