Халал өнімдер нарығы 8 трлн долларға жетті
|
Стамбұлда өтіп жатқан бүкіл әлемдік халал үйлестірушісі Айлин Шенгүл бүгінде дүнежүзі бойынша халал нарығындағы айналым 8 трлн долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш 2025 жылы шамамен 1 трлн долларды құраған еді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, ол халал өнімдер экономикасы мен секторы тек мұсылмандарды ғана қамтымайтынын, сонымен қатар, денсаулыққа қауіпсіз әрі пайдалы болуына байланысты мұсылман еместер тарапынан да үлкен сұранысқа ие екенін жеткізді. Осы орайда өткен аптының орта шенінде Түркиның ең ірі мегаполисінде «Халал Экспо 2024» көрмесі ашылғанын айта кетпекпіз. Қараша айының аяғына дейін созылған айтулы шарада әлемнің елу шақты елінен және жергілікті өндірушілерден 500 бренд өз өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Ал дүниежүзілік халал саммиті жетекшісінің орынбасары Емре Ате алдағы бес жылда халал өнімдері нарығының көлемі шамамен 12 трлн долларға жетуі мүмкін екенін тілге тиек етті. Халал нарығының негізгі бағыттары исламдық қаржы, шариғат талаптарына сай әзірленген тағам өнімдері мен азық-түлік секторы, сән және туризм, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. жатады. MMR (Market Research) платформасының дерегі бойынша халал азық-түліктің әлемдік нарығы 2023 жылы 2,3 трлн долларға жеткен. Осы шара барысында аталмыш нарықтың жалпы кірісі 2024 жылдан бастап 2030 жылға дейін жыл сайынғы өсу қарқыны 10,5% деңгейінде өсіп, 2030 жылға қарай 5,3 трлн долларға жетуі ықтмал екендігі айтылды. Халал өнiмдерiнiң әлемдiк нарығы жағрафиялық іргесін кеңейтіп келеді. Мәлемен, Америка құрама штаттарындағы халал өнімдерінің нарығы 2022 жылы 59,4 млрд долларға бағаланды, ал 2026 жылға қарай Allied Market Research платформасының мәліметі бойынша бұл тараптағы көрсеткіш 88,9 млрд долларға дейін өсуі мүмкін.