Халал өнімдер экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне мұсылман емес елдер кірген
Халал өнімдер экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне мұсылман емес елдер кірген
1 жыл бұрын 1118 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: Insyirah Ishak

2024 жылы шариғат талаптарына сай әзірленген өнімдерге сұраныс күллі әлем бойынша 2 трлн долларға жетуі мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы agroinvestor ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2021 жылғы дерек бойынша халал өнімдер импортының мөлшері 250 млрд доллардан асқан. Халал өнімдер импорты бойынша ең ірі үш ел Таяу шығыс пен Африканың солтүстігін жайлаған елдер аталды: Сауд Арабиясы, Мысыр және Біріккен Араб Әмірлігі. Ал халал өнімдер экспорты бойынша Бразилия, Үндістан, Австралия және Америка құрама штаттары. Биыл бесінші орыннан Ресей Федерациясы көрінген. 2021 жылғы мәліметке қарағанда, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері жылына 17 миллиард доллардан асатын негізгі халал өнімдерін импорттаған. Парсы шығанағы елдері мен Мысыр халал азық-түлік импортының жалпы үлесі 72% құраған.

0 пікір
Мұрағат