Халал ипотека батыс елдерінде енгізіле бастады
Халал ипотека батыс елдерінде енгізіле бастады
8 жыл бұрын 2293

Ұлыбританияда, Канадада және АҚШ-та  шариғат талабынан ауытқымай, ипотекалық жолмен қаржыландыру тәжірибесі кеңінен тарап келеді. Аталған елдерде иджара немесе мушарака схемасы бойынша жылжымайтын мүлікті пайызсыз және бастапқы жарнасыз сатып алуға болады. Ұлыбританияда бұл тәжірибе 1995 жылдан бері тұрғын үйді кейін жекеменшікке алу шартымен жалға беру тәжірибесі қолданылып келеді. Ал АҚШ-тың Мичиган штатында орын тепкен Анн-Арбор қаласында иджра-қауымдастықты немесе IjaraCDC-ті дамыту  корпорациясы құрылған. Коммерциялық емес  корпорация америкалық клиенттерге ғана емес, сонымен қатар, канадалық клиенттерге де қызмет көрсетеді. Яғни, аталған корпорацияның бөлімшесі Оттавка қаласында орналасқан. Соңғы уақытта ислами қаржы танымал бола түскен үйеңкілер елінің Монреал, Торонто секілді ірі қалаларда тұрғын үй секторында ынтымақтасудың түрлі тетіктері іске қосылған. Мәселен, Торонто қаласында орналасқан, «Ансар» деп аталатын тұрғын үй кооперативі тұтынушыға тұрғын үйді пайызсыз сатып алуға мүмкіндік беретін «кемуші мушараки» тұжырымдамасы пайдаланылады. 

0 пікір
Мұрағат