Халал инвестиция адамдардың діни сеніміне қарамастан жиі таңдалады
Халал инвестиция адамдардың діни сеніміне қарамастан жиі таңдалады
2 жыл бұрын 1520 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сарапшылардың есебінше, 2025 жылға қарай ислами активтер нарығы 5 трлн долларға жетуі мүмкін. «Халал инвестиция тек мұсылмандар арасында ғана танымал емес, сонымен қатар, діни сенімге қарамастан жиі таңдалады, бұл сала стратегиялық маңызға ие болып келеді»,- деп айтылған РБК басылымында. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Исламдық қаржы секторындағы активтер мөлшері жылына 15-25 пайызға артып келеді. 2020 жылы, тіпті, COVID-19 пандемиясына қарамастан бұл саладағы өсім 10%-ды құраған болатын. Бұл нарық қазір шамамен 3,6 триллион долларға бағаланады. Refinitiv платформасында исламдық қаржыландырудың дамуын бақылайтын көрсеткіштің динамикасы 2025 жылға қарай активтер мөлшері негізінен мұсылман елдері экономикасының өсуі есебінен 4,94 триллион долларға дейін өсуі мүмкін екендігін көрсетеді. Қазірдің өзінде әлемде шариғат талаптарын ұстанатын 520-ға жуық банк пен 1,7 мың инвестициялық қор бар. Халал инвестициясы дәстүрлі әдістерге қарағанда тәуекелі азырақ және тұрақтырақ екені белгілі. Міне, осындай тенденцияға байланысты халал стратегияны мұсылман еместер де жиі таңдайтын болған. Тұтыну сегменті де халал стартегиясына ойысып барады.

0 пікір
Мұрағат