Халал ет экспорттаудан мұсылман емес ел көш бастады
Халал ет экспорттаудан мұсылман емес ел көш бастады
3 жыл бұрын 2169 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилия шариғат талаптарына сай ет өндірісі мен экспорты бойынша әлемде көш бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Сан-Паулу қаласында өткен бизнес-конференцияда сөз алған аталған елдің ауыл шаруашылық министрлігінің сауда-саттық хатшысының орынбасары Флавио Беттареллоға жөн сілтеген Meat Info ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лауазымды тұлғаның айтуынша, Бразилия бұл тарапта жеткен жетістіктеріне тоқмейілсіп қалмай, нарықтағы үлесін арттыру үшін бүгінгі таңда мұсылман елдерімен, соынің ішінде Индонеизиямен, Мароккомен, Лиуанмен келіссіөздер жүргізіп жатыр. Бразилиядағы Араб сауда палатасы және 57 мұсылман елі мүше Ислам ынтымақтастық ұйымы келтірген дерекке қарағанда, 2020 жылы мұсылман елдері 190,5 миллиард долларға жүгері, арпа, бидай, қант, күріш, сүт және сүт өнімдерін қоса алғанда өзге де ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік импорттаған. Осы қаражаттың көп бөлігі Бразилияға тиесілі – 14,1 млрд доллар немесе аталған елден мұсылман елдеріне экспортталған өнімдердің шамамен 7,5%-ы. Бразилиядан ауыл шаруашылық өнімдерін импорттауда мына бес мұсылман елі алда тұр: Түркия, Иран, Индонезия, Саудия және Бангладеш. Бразилия билігінің мәліметі бойынша Латын америкасындағы аталған ел өткен жылы шариғат талаптарына сай сойылған сиыр мен тауық етін экспорттаудан4,7 млрд доллар пайда тапқан.

0 пікір
Мұрағат