Хафыз Гиннес рекордтар кітабына енді. Қалай?
Хафыз Гиннес рекордтар кітабына енді. Қалай?
7 жыл бұрын 3827 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның Андхра-Прадеш штатының мұсылмандар басқармасының өкілі Гиннес рекордтар кітабына енді. Оның рекорд жасаушылар қатарынан көрінуі дінмен еш байланысы жоқ. Нақтырақ айтқанда, Хашмат Әлі Хан есімді Уижаиауада қаласының 30 жастағы мұсылман тұрғыны діни қызметінен қолы бас уақытта тхэквондомен және каратэмен шұғылданады. Ол спорт әуесқойы емес, кәсіби маман. Ол 30 минуттың ішінде 65 мәрте тхэквондоның 16 қадамын орындап үлгергені үшін Гиннес рекордтар кітабына енген еді. Бұл жайында The Hindu ақпарат көзі хабар таратты. Аталған спорт түрі бойынша мұндай техниканы игеріп, жылдамдыққа қол жеткізу үшін ол күн сайын ерінбей жаттығып, шеберлігін ұштаумен болған. Имам әрі медресе ұстазы болып жұмыс істейтін жігіттің рекорд жағартқаны жерлестеріне ғана емес, барша мұсылманға үлгі. Бұл рекордты оның алдында бұдан да жоғары көрсеткішпен орнатқан еді - ол 180 секундтың ішінде 300 техникалық соққы жасай алған болатын. 

0 пікір
Мұрағат