Грек отбасы сириялық босқындарды үйіне кіргізіп алды
Грек отбасы сириялық босқындарды үйіне кіргізіп алды
9 жыл бұрын 2728

Димитрис Спиридис есімді грек азаматы зайыбымен Идомени босқындар лагеріне арнайы келіп, отанынан жырақта жүрген олардың басындағы жағдайды өз көзімен көргеннен кейін сириялық екі отбасын үйіне кіргізіп алды. Сириялық босқындар лагерінде көргендерін: «Жауынды әрі тұманды болатын. Таңғы сағат сегізде жылап-сықтағандардың үні мен жөтелгенін естуге болатын еді. Бұған төзе алмадым. Палаткалардың бәрі малмаңдай су болған, олардың киіміне дейін өтіп кеткен. Кірлеген, ылғалдан қарайып кеткен»,- деп еске алады ол «Reuters» ақпарат ресурсына берген сұхбатында. 50 жастағы грек христианы бұрын Швейцарияда аспазшы болып, жұмыс істеген. Еліне көшіп келген соңғы бес жылда наубайханада жұмыс істейді. Өздері де жетісіп тұрғанына қарамастан Европос елді-мекеніндегі үйіне екі сириялық отбасын кіргізіп алды. Оның үйіне қоныс аударған сириялық отбасылардың біреуі мансарда, ал үш баласы бар отбасы жатын бөлмеге орналасқан. Ал грек отбасы қонақ күтетін бөлмеге жайғасқан. «22 адамнан тұратын үлкен отбасыға айналдық»,- деді ол. Димитрис Спиридис өзге де еуропалық отбасыларды өздерінен үлгі алуға шақырды.

0 пікір
Мұрағат