Google қаржы дағдарысын болжайтын бағдарламаны қолға алды
Google қаржы дағдарысын болжайтын бағдарламаны қолға алды
10 жыл бұрын 4028

Экономистер іскерлік ортадағы ахуал мен түрлі сектордағы өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін аса күрделі компьютерлік жүйені ойлап тапты. Бостон университетінің Уорик бизнес мектебі зерттеушілерінің сөзіне қарағанда, Google мамандары қандай да бір қаржы тақырыбына қатысты ақпаратты іздеу мәліметтеріне қарап, қаржы саласындағы түйткілдерді анықтауға болатынын алға тартып отыр. Осының негізінде әлемдік қаржы дағдарысының төніп келе жатқанынан хабар беретін бағдарламаны ойлап тапқаны жөніндегі жаңалық Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Тарқатып айтқанда, бұл арада қандай да бір қаржы саласына қатысты ақпаратты іздеп, Google-дың іздеу жүйесіне және «Уикипедия» электронды энциклопедиясына кірген адамдардың саны қаперге алынады.

0 пікір
Мұрағат