Google мұсылмандарды террорист етіп көрсетеді
|
Google-нің әйгілі іздеу жүйесі өз пайдаланушыларына қызмет көрсеткенде мұсылмандарды жағымсыз жағынан, дәлірегі, террорист етіп көрсететін болған. Хинд Макки есімді америкалық блогер мұсылман саясаткер Хиллари Клинтонның мұсылмандарға деген қатынасына қатысты мақала жазу барысында аталмыш іздеу жүйесіне «American Muslims report terrorism» — «америкалық мұсылмандар терроризм туралы хабарлайды» тіркесін енгізген. Тілшінің таңданысына орай арандатушылық сарындағы «бәлкім, сіз «америкалық мұсылмандар терроризмді қолдайды» - (American Muslims support terrorism)» деген мазмұндағы «подсказка» шыққан. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Quartz» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Google-ден осындай мазмұндағы орыс тіліндегі материал іздестірсеңіз де әлгіндей сарында тіркес шығады. Мәселен, «мұсылмандар қолдайды» деп жазсаңыз автоматты түрде «ИГИЛ» сөзі шыға келеді. Егер «барлық мұсылман» деп жазсаңыз, онда «террорист» термині шығады.